ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Әр бала-бір жұлдыз атты»

Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні Жезқазған қаласының КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында  ортаңғы «Айналайын» тобының ұйымдастыруымен «Әр бала-бір жұлдыз атты» балабақшамен қоштасу кеші өтті.!»


Іс – шараны балалар «Мы маленькие звезды» биімен ашып, тақпақтарын айтты. Ертеңгілікке Білім  Ханшайымы келіп балалардың білімін тексерді.  Сондай-ақ балалар мен ата-аналармен «Иә, иә, жоқ, жоқ!» атты дидактикалық ойынын ойнады. Балаларға және ата-аналарға сұрақтар қойылады. Ойынның мақсаты: қойылған  сұраққа мұқият жауап беру. Олар сұрақтарға тек қана «Иә,иә» немесе «Жоқ,жоқ» деген сөздермен жауап беруге тиіс. Балабақша қызметкерлеріне арнап балалар тақпақтарын айтып, көңіл күй сыйлады.  Әке мен қыздар арасындағы би көрерменді таң қалдырды.  Іс-шара өте қызықты әрі тартымды өтті. Іс-шараны жоғарғы дәрежеде  ұйымдастырғаны үшін  тәрбиешісі  А.Б. Утебаеваға,музыка жетекшісі Л.В. Бородинаға,ағылшын мұғалімі А.О. Ханзадаеваға  алғыстарын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады. Ата-ана атынан сөз алған Комарова А.К.  балабақша  ұжымының жұмысы мен еңбекқорлығына тоқтала кетіп,  үлкен ризашылығын білдірді. Тәрбиеші кеш соныңда балаларының жыл бойы жинақтаған білімдерін  айта кетіп, интеллектуалдық ойындарға қатысқаны үшін мадақтады.