ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Таңғажайып алаң»

Біздің ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 17 сәуір күні «Қызғалдақ» ІІ кіші тобында «Таңғажайып алаң» тақырыбында «Сөйлеуді дамыту», «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», «Жаратылыстану», «Көркем әдебиет», «Құрастыру» (бірлескен сабақ) бөлімдері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.


Балалар оқу қызметін жылулық шеңберден бастады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды, соның ішінде «Полю-чудес» бағдарламасы бойынша сабақ басынан аяғына дейін жүргізілді. Жас ерекшеліктеріне байланысты берілген тапсырмаларды балалар орындай білді. Бірінші тапсырма Геометриялық пішінді терезелерді өз орнын тауып орналастыру, пішін атын атау.Тақтаға суреттер іліп, олардың қайсысы көп, аз екенін салыстыру, теңестіру болды.Тапсырма орындалған соң, жұмбақ суреттің бір бөлігі ашылды.

Сөздік жаттығулар жасап, Қойылған мақсатқа сай оқу қызметінің конспектісін жасай білді. Мнемотехника кестесі арқылы балалар тақпақ айтты.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың тәртібі қадағаланды. Тақтамен жұмыс және тәжірибелік жұмыс жасалды. Көрнекіліктер балалардың жас ерекшелігіне жасалып, таңдалды. Оқу қызметінде балалардың қызығушылығын сақтады және ұзақтығы балалардың жас ерекшеліне байланысты өтті.