ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Ана-гүл, ана-жыр, ана өмір шуағы!»

2019 жылдың  05 наурыз күні «Қызғалдақ» ІІ кіші  тобында «Ана-гүл, ана-жыр, ана өмір шуағы!»  атты ертеңгілік өтті.

 

Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік балалардың музыка әуенімен шамшырақтармен кірумен басталды.  Қонаққа Алиса мен Базилио көңілді кірді,  балалармен бірге ән айтып, би биледі. Таңғажайып сәтке интерактивті тақтадан сиқырлы альбом ашылды. Базилио балалармен және ата-аналармен ойын ұйымдастырды. Сиқырлы альбом ашылған сайын, әр бетте арнайы құттықтаулар болды: Аналарға; Әжелерге; Қыздарға, Педагогтарға. Балалар өздерінін тақпақтарын айтып, ән шырқаудан жалықпады. Екінші топтың бүлдіршіндері қазақша, орысша және ағылшынша ән айтып, джентельмендер би билеп, қыздар және әжелер биі биленді

.