КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының ортаңғы «Айналайын»" тобында 8-Наурыз мерекесіне арналған «Көктем кафесі» атты ертеңгілік өтті.
Ертеңгілікке келген аналар мен әжелер қауымы балалардың өнерін тамашалап, тәнті болып, көтеріңкі көңіл-күймен қуатталды. «Түймедақ» биімен мың бұралған қыздар аналарын мақтанышқа бөлетті. Балалардың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына тарту етіп, ана мейірімін алған тәрбиеленушілеріміз мерекелік көңіл-күймен ертеңгілікті аяқтады.
https://inkluziv-detsad8.kz/novosti-kz/232-k-ktem-kafesi.html#sigFreeIdab5bfe2eb8