ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Қызғалдақ» ІІ кіші тобында «Ғажайып әлеміне саяхат» тақырыбында сөйлеуді дамыту (бірлескен сабақ) бөлімі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.

Біздің ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 26 ақпан күні «Қызғалдақ» ІІ кіші тобында «Ғажайып әлеміне саяхат» тақырыбында сөйлеуді дамыту (бірлескен сабақ) бөлімі бойынша  ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Сабақ барысында балаларға қонаққа «Бауырсақ» келді. Балалар оқу қызметін жылулық шеңберден бастады.  Ұйымдастырылған оқу қызметінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Жас ерекшеліктеріне байланысты берілген тапсырмаларды балалар орындай білді. Сөздік жаттығулар жасап, «Ертегі әлеміндегі тапсырмалар орындады. Қойылған мақсатқа сай оқу қызметінің конспектісін жасай білді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың тәртібі қадағаланды. Тақтамен жұмыс және тәжірибелік жұмыс жасалды. Көрнекіліктер балалардың жас ерекшелігіне жасалып, таңдалды. Оқу қызметінде балалардың қызығушылығын сақтады және ұзақтығы балалардың жас ерекшеліне байланысты өтті.