ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
2019 жылдың 25 қаңтардан 01 наурызға дейін «Алғыс айту күні» апталығы өтті.

Алғыс айту-күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде  Елбасының басшылығымен тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай  тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне  құрмет білдіретін күн.

 

Алғыс айту-бұл елімізде тыныштық пен үндестіктің өзара сенімдік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасымыздың бейбітшілік пен келісім саясаттың салтанатты күні.

 

Осы айтулы мерекеге орай КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 2019 жылдың 25 қаңтардан 01 наурызға дейін «Алғыс  айту күні» апталығы өтті.

 

Жоспарға сәйкес 25 ақпан күні «Айналайын» ортаңғы тобының тәрбиешісі А.А. Ұлтыкееваның ұйымдастыруымен «Алғыс-айтуға - шек жоқ» тақырыбында іс-шара өтті. Балаларға алғыс айтудың маңыздылығы түсіндіріліп, тәрбиешілеріне, ата-аналарына, достарына жүрек арқылы алғыстарын жеткізді.

 


26 ақпан күні ересектер «Балапан» тобының тәрбиешісі Белова В.В. «Благодарность – исходит от души» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

 


27 ақпан күні ересектер «Балапан» тобының тәрбиеленушілерімен «Мен алғыс айтамын» атты флеш-моб өткізілді.

 


28 ақпан күні бейнелеу мұғалімі Доскенова Э.Ж. балабақша тәрбиеленушілерімен  «Көңілімнен шыққан суреттер» атты сурет салу іс-шарасын ұйымдастырды.

 


28 ақпан күні қайырымдылық «Жылу» акциясы өтті. Бұл қайырымдылық іс-шарасында Бейбіт Диасқа қол ұшын созу мақсатында педагогтар ұжымы белсене қатысты.

 


01 наурыз күні «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі – Жанадилова Г.О. «Алғыс марафоны» арт-акциясын өткізді.

 


01 наурыз күні музыка жетекшісі Бородина Л.В. «Бір шаңырақ астында» атты концерт өткізді.

 

 

 

Апталықтың соңында барлық педагогикалық ұжым бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, ақ тіліктері мен жеткізді.