25.02.2019жылы жылдық жоспарға сәйкес «Айналайын» ортаңғы тобында «Терезе алдындағы бақша» атты оқу қызметінен тыс жұмыс жүргізілді. Балалар жуа, аскөк отырғызуға белсене қатысты. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болатындығын, олардың тұқым және көшет арқылы көбейтетіндігін, бақшада өсетіндігін, көкөніс тобына жататындығын, өсуі үшін су, топырақ, жарықтың қажеттілігін таныды. Пияздың тұрмыста, медицинада қолданылуын, оларды өсіру үшін су, топырақ, жарық және күтім керектігін, бақшада өсетіндігін игерді.Өсімдікті отырғызудың және себудің қарапайым түрін; күтіп - баптауды, пиязды отырғызу барысында құралдарды ұқыпты пайдалануды үйренді.
https://inkluziv-detsad8.kz/novosti-kz/227-tereze-aldynda-y-ba-sha.html#sigFreeId316c0bb3c5