ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Дос іздеген бота»

Жылдық жоспарға сәйкес КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының ортаңғы «Айналайын» және ересектер «Балапан» тобының тәрбиеленушілері «Дос іздеген бота» ертегісін үш тілде сахналады.


Бұл іс-шараның мақсаты: балалардың ертегілер туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу, балалардың сөздк қорын дамыта отырып, сөз өнеріне деген құрметті арттыру болатын. Ертегі барысында балалар барынша қызығушылықтарын танытып, өз рөлдерін беріле сомдауға тырысты. Ертегінің ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне сай. Көрнекіліктер эстетикалық талғамға сай, ертегі желісі бойынша безендірілді. Ал, көрермен бүлдіршіндер қауымы өз құрдастарының осындай шығармашылық қабілеттеріне дән риза болды.