Инклюзивті білім беру саласындағы педагогтарды дамыту және қолдау, озық тәжірибені анықтау, мадақтау және тарату, инклюзивті білім беру идеяларын көпшілікке тарату, бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігінде педагогтардың
ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру мақсатында ағымды жылдың 14 ақпанда«Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастырған «Инклюзивті балабақша – инклюзивті мектеп – инклюзивті колледж» республикалық пилоттық жобасы аясында мектепке дейінгі және білім беру ұйымдары үшін «Теңімен тең» атты бейнероликтер байқауы өтті.
Осы байқауда КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының педагогикалық ұжымы инклюзивті білім берудің озық тәжірибелерін көрсете білді. Бұл мағынасы тереңде жатқан ауқымды жұмыстың нәтижесін көрсете білген бұл ұжым осы байқауда 1 орынды иеленді.