ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Қазақстан Үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауы өтті.

2019 жылдың 26 қаңтар күні Сәтбаев қаласында «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауы өтті. Осы байқауға КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының II кіші «Қызғалдақ» тобы «Дауылпаз шыбын» атты ертегіні үш тілде саханалады. Балалар өз өнерлерін ашып көрсете білді, сөздері анық, сахналық мәдениетін де ұстана білді. Бүлдіршіндер көрермендерді де, әділ-қазылар алқасын да өз өнерлерімен тамсандыра алды. Бүлдіршіндеріміз «Сахналық қойылым» аталымы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Бас жүлде иегері атанды. Бұл өнерлі бүлдіршіндер тобына «Бас жүлде» кубогы және «Жеті Өнер» III халықаралық шығармашылық конкурс-фестиваліне тегін қатысуға жолдама табыс етілді. Ал, тәрбиешілері Н.А.Жаинбаеваға және Г.О.Жанадиловаға Республикамыздың мәдениет және білім саласына белсене араласып, «Қазақстан Үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауында шәкірттері абыройын асқақтатып «Саханалық қойылым» аталымы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін мадақтама қағаздарымен марапатталды.

 

Бұл күнгі «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауының «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша ортаңғы «Айналайын» тобының тәрбиеленушілері Әлібек Шатзаман және Қыздарбеков Алпамыс қатысты. Дәстүрден тыс әдіспен «Ертегілер әлеміне саяхат» атты сурет салып Әлібек Шатзаман «Бас жүлде» иегері атанып, кубок пен  «Жеті Өнер» III халықаралық шығармашылық конкурс-фестиваліне тегін қатысуға жолдама табыс етілді. Қыздарбеков Алпамыс «Қыс қызығы» аталатын алақанмен сурет салу техникасы арқылы 1 дәрежелі дипломға ие болды. Балалар өз жұмыстарын ойдағыдай қорғай алды. Сурет мұғалімі Э.Ж.Доскенова «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін мадақтама қағазымен марапатталды.

 

Сонымен қатар, біздің бүлдіршіндер «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауының «Ән салу өнері» атты номинациясына қатысты. Бұл номинацияда ортаңғы «Айналайын» және ересектер «Балапан» тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті. Бүлдіршіндер поппури айтып I дәрежелі лауреат дипломымен, музыка жетекшіс – Бородина Л.В. дипломмен марапатталды.