ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Төрлет, төрлет Жаңа жыл»

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Балдырған» кіші тобында балалар мен олардың ата-аналарға арналған «Төрлет, төрлет Жаңа жыл» атты ертеңгілік өтті.

 

Қызықты да, тартымды жаңа жылдық ертеңгілікті топ тәрбиешісі Ысқақ Мақпал Смағұлқызы жүргізді.  Жаңа жыл - ыстық ықыластың орындалу уақыты, ал кішкентай балалар Жаңа жылдық мерекені күту - Аяз ата мен Ақшақармен кездесетін сиқырдың алдын-ала күтуімен байланысты. Балалар ерекше ән шырқап, тақпақтар  айтып, би биледі. Жаңа жыл  мерекесіне Қоян, Аю қонаққа келіп, балалар мен ойындар ойнады. Соңында Аяз ата балаларға сыйлықтар таратты. Жаңа жыл мерекесі көңілді және қызықты өтті. Ата-аналарға костюмдер үшін көп-көп рахмет айтамыз.

.