Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке болып табылады.
Осы мерекеге орай КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ағымды жылдың 13 желтоқсан күні «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Өткізілген бұл іс-шараның мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Бүлдіршіндер әдемі безендірілген залға жиналып, мерекені тамашалауға келді. Ересектер «Балапан» тобының балалары үш тілде тақпақтар мен өлеңдер айтып, би биледі, көрініс қойды. Іс-шараға балалардың барлығы белсене қатысты.