Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғырту үшін тың ұсынысты алға тартты. Елбасының мақаласын толық оқып шықтым.
Көңілге қонымды тұстары көп. Қазақ үшін жеті саны киелі болып саналады, мақаланың да «Ұлы даланың жеті қыры» аталуы да тегін емес. Мақалада ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында, төл тарихын білетін, оны бағалайтын және мақтан тұтып, мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенетінін және болашаққа оң көзқарас таныту-еліміздің табысты болуының кепілі екенін халқымызға паш етті. Халқымызда «баланы жастан» дана сөз бар. Ата-бабамыздан қалған дәстүрді алдымен өзіміз түсініп, өсіп келе жатқан балалардың бойына сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек, бұл тәуелсіз ел болашағына қосқан зор үлесіміз деп түсінеміз. Отанымызға деген мақтаныш сезімін жоғарылату, патриотизмді тәрбиелеу бала бақшадан басталады.
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының тәрбиешілері мен мамандары өздерінің жұмыс барысында Қазақстан халықтарының дәстүрлерін, рәсімдерін, өмір салттарын таныстырады. Біздің балабақша Президенттің бастамаларын қолдайды және өз жұмысында бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салады.