ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
"ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ"

КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының ортаңғы «Айналайын» тобында  "ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ" атты мерекелік іс-шара өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті туралы білімдерге тереңдету, бүлдіршіндерге Елбасымыздың үлгі боларлық  өмірлік жолын мысалға ала отырып үлкендерді құрметтеуге, білімге ұмтылуға тәрбиелеу. Көшбасшы дегеніміз - басқаларды көшбасшылыққа жетелеу. Өтілген іс-шарада төмендегідей мақсаттарды аштық: балалардың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, патриоттық және өз Отан алдындағы борышын, Отан адында қызмет етуге дайын болуы, көркем материалдарды қабылдау қабілетінің дамуы және өнердің әр түрі арқылы ырғағын сезіну: би, ән, үш тілде тақпақ оқу, мақал - мәтел айту, мәдениетмізге деген қызығушылықтарымен сүйіспеншіліктерін арттыру, қазақ халқының тарихи мұрасы мен құндылықтарын Елбасының өмірлік жолы арқылы балаларды білімге, еңбекке, үлкендерді сыйлауға, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұялату.