ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Сиқырлы сандар»

«Айналайын» тобында тәрбиеші Утебаева Аманкул Бекетбайқызы қарапайым математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру пәнінен  «Сиқырлы сандар» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.


Тәрбиеші балаларға «Мақта қыз бен мысық» ертегісін интерактивті тақта арқылы көрсете отырып, мысықтың тапсырмасын орындады. Тәрбиеші әр тапсырманы балаларға жұмбақ арқылы  жасырып, сол тапсырмаларды орындауды талап етті. Ұйымдастырылған оқу қызметінде әр түрлі методикалық әдістерді қолдана білді. Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау, сезу қабілеттерін тексерді. Балалар санамақтар, сергіту сәтін   жасады. Балалардың үстел басы әрекеттері уақытындағы келбеттің дұрыстығын бақылады. Ұйымдастырылған оқу қызметі ұзақтығының санитарлы-тазалық нормасына сәйкес. Балалармен жұмыс кезіндегі әдіс-тәсілдерді таңдау рациональділігі ойын тәсілдері, балалардың назарын аудару тәсілдері, ойлау қабілетін белсендендіру тәсілдері  өте жоғары дәрежеде. Қойылған міндеттерді шешу кезіндегі балалардың белсенділігі  мен ойлау қабілеті балалардың жас ерекшелігіне сай келеді. Балалардың бағдарлама мазмұнын меңгере алды. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметі  өз жұмысын парапар бағалай  алды. Балаларды мадақтап  сәттілік тіледі.