ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Күз –тамаша уақыт

Күз –тамаша уақыт. Табиғаттың осы мезгілінде балабақшамызда күзге арналған мерекелік іс-шаралар  өткізіледі. Музыка  залынан балалардың күз мерекесіне  арнап салған әндері бүкіл апта бойы қатты қызықтырды.  Міне, сол қызықты мереке  25-ші қазан айында «Айналайын» ортаңғы топта өтті. Балалар мереке тақырыбына байланысты  үш тілде  қазақша, орысша және ағылшын тілінде әндер мен тақпақтарын айтып, көрерменді қуантты.  Мереке кейіпкерлері болып балаларымыз ойнады. Баларға арнап «Күз» ханшайымы  сыйлықтар ұсынды.

 

Сондай-ақ осы мереке аясында ұйымдастырылған  көкеністер мен жемістерден жасалған қолөнер  бұйымдар байқауы көздің жауын алды. Өз қолдарымен жасалған бұйымдарды жоғары бағалап,  өз ықыластарын білдірді.