ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдаудың талқылануы

2018 жылдың 11 қазан күні КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2018ж 05 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауы талқыланды.

         

Жиында  баяндама жасаған «Нұр» БПҰ ұйымының хатшысы – А.Б.Райханова Елбасы Жолдауының ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды алдағы уақытта жүзеге асыру бойынша жұмыс жасау керектігін жеткізді.

 

КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивт бөбекжайының ұжымы әсіресе, Жолдаудың екінші «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігі» туралы міндетіне тоқталды.  Олар өз сөздерінде: «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады.    Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет.  Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеуі керек» - деп атап айтты. Өз ойларын жеткізіп, қатысушылармен пікір алмасу сипатында өткен жиында «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының қызметкерлері Елбасының Жолдауна шынайы қолдауларын білдіріп, ойларын ортаға салды.