ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Тіл –ұлт тірегі»

Тіл -татулық дәнекері, тіл- достықтың алтын көпірі - дейді дана халқымыз.

 

Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәрімізге мәлім. Тіл қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Өйткені,  ол - Конституциямызда мемлекеттік тіл болып бекітілген. Сондықтан да,  барлық Қазақстан осы мерекені бір кісідей ат салысып өткеріп келеді. Осы айтулы мерекеге байланысты 2018 жылдың 21 қыркүйегінде КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында  мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,тіл байлығын жетілдіру мақсатында «Тіл – ұлт тірегі» атты  ертеңгілік өтті.  Ертеңгілікке балдырғандар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Үш тілде тақпақтарын  айтып, ән салды.