Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 2018 жылдың 6 – 14 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық өткізілді.
2018 жылдың 06 қыркүйек күні «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталығының ашылуы болды. КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының әкімшілігі педагогтар мен ата-аналарды атаулы мерекемен құттықтап, апталықтың жоспарымен таныстырды.