ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Отбасы-бақыт мекені

2018 жылдың 11 қыркүйек күні «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апталығы аясында КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ІІ кіші  «Қызғалдақ» тобының ата-аналарымен «Шығармашылық отбасы» атты сайыс өткізілді. Сайыста ата-аналар да, бүлдіршіндер де қызыға, тартыса сайысқа түсті. Ата-аналар отбасыларын өлеңдеп, ұрандап таныстырды. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтты, тақырыпқа сай суреттер салды, ойын ойнады.