ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Шуақты күн

№8 « Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының  жазғы сауықтыру жоспарының маусым айының  3-аптасы «Шуақты күн» деп аталады. Осыған орай 20-ші маусым

 

« Айналайын» ІІ кіші  тобында  балаларға жазғы сауықтыру және қуанышты көңіл күй сыйлау мақсатында  «Шуақты күн» атты ойын-сауық іс-шара өткізілді. Мұнда тәрбиеші Ибраева  Мақпал Болатханқызы балалармен  күн  жайлы әңгімелесіп,  күн жайлы тақпақтар, көркем әдебиет оқып, пайдалы кеңес «Шуақты күн нұрының» адам денсаулығына пайдасы мен зияны жайлы айтты. Серуен кезінде күнді бақылады. Қимылды ойын : «Күн және жаңбыр» ойын ойнап, көркем шығармашылық балалар асфальтта күннің суретін салды. Балалар бұл апталықтан әсер алды.