№8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ІІ кіші топ «Айналайын» тобында 2018 жылдың 26 сәуір айында «Коммуникация» « Таным» білім беру салалары бойынша бөлімдері сөйлеуді дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. «Кірпінің қонаққа келуі» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Мақсаты: Кірпінің тіршілігімен таныстыру, сурет бойынша ертегі құрастыруға үйрету. Сөздік қорын, ой-өрісін, ұсақ моторикаларын дамыту.
Достық қарым-қатынасқа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Санамақтар айту және сандарды ретімен қойып, санға байланысты қызыл дөңгелектерді әр санның астына орналастыру. Жыл бойына алған білімдерін бекіту.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиешінің тапсырмаларын балалар интерактивті тақтадағы мнемо таблицасы арқылы қызыға орындады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі келген қонақтарды балалар өз білімдерімен және қызықты ойындарымен тәнті қылды.