2018 жылдың 25 сәуір күні ортаңғы «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі – Г.О. Жанадилова «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты қорытынды ашық оқу қызметін өткізді.
Бұл оқу қызметі тақырыбының мазмұндылығына байланысты гимнмен басталды. Балаларға жалпы Қазақстан жайлы сұрақтар қойылды. Табиғат ұғымын балалар ойын арқылы қорытындылады: тірі табиғат және өлі табиғат түрлерін ажыратты. Балалар Қазақстан қалаларын көрумен қатар, тапсырмаларды орындады: Отан туралы мақал-мәтелдер, ҚР рәміздерін атап, жұмбақтар шешті. «Астана» сөзіне дыбыстық талдау жасады. Қазақстан картасына «Туған жерді гүлдендір» атты ойында балалар өз тілектерін айтып, гүлдер жабыстырды. Жас ерекшелігіне байланысты берілген тапсырмаларды балалар орындай білді.