Жезқазған қаласының «Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі» және Жезқазған қаласының «Халықтар достығы және мәдениет үйі» ММ ұйымдасытруымен 2018 жылдың 20 сәуір күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Күміс қоңырау» балалар шығармашылығының аймақтық конкурсы өтті.
Бұл іс-шарада он бес шығармашылық ұжым өз өнерлерін көрсетті: оның ішінде қалалық бөбекжайлар, Сәтбаев қаласы, Ұлытау және Жәйрем елді-мекендерінен болды.
Бұл байқауда КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының бүлдіршіндері өз бақтарын сынады. Бүлдіршіндеріміз өз өнерлерімен жиналған көрермен қауымды тамсандыра білді. Бас жүлдені қанжығаларына байлап, жұлдыздары жарқырады. Бұл сайыста балалардың жұлдызы жарқырап жану үшін талмай еңбек етіп, бүлдіршіндерді бұл додаға қосқан №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының педагогикалық ұжымы және арнайы музыка жетекшісі Бородина Л.В. мен хореограф Пузина О.В.
Жас таланттарымыз алдағы уақытта да балабақшамыздың намысын қорғайтындарына сеніміміз зор.