ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар апталығы

2018 жылдың 13-20  наурыз аралығында КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында  Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар апталығы өтті.  Апталықтың мақсаты бүлдіршіндерге мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды.

Апталықтың алғашқы күнінде «Айсұлу» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Ахметбекова С.К. «Отбасымызбен Наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз?» тақырыбында әңгіме өрбітті. Бұл жерде балаларға Наурыз мейрамы туралы аңыз-ертегі көрсетіліп, бұл мерекенің маңыздылығы айтылды. Соңында балалар отбасымен жыл сайын Наурыз мейрамын қалай қарсы алатындары туралы айтты.

 

 

14 наурыз күні дене шынықтыру нұсқаушысы Чемыхин А.С. «Біз – батырмыз» тақырыбында ортаңғы топ бүлдіршіндерімен ұлттық ойындар сайысын өткізді. Ұрпақ ұлттық ойындар арқылы шыңдалады демекші, балалар «Арқан тартыс», «Бәйге», «Ат пен шабандоз» атты ұлттық ойындарды таласа-тартыса, қызығып ойнады. Сайысты «Қара жорға» аэробикасымен аяқтады.

 

 

Балалардың шығармашылық қабілеттерін, көркемдік және эстетикалық талғамдарын, байқағыштық, қабылдау, қиял сияқты қасиеттерін  қалыптастыру мақсатында осы айтулы мерекеге байланысты сурет мұғалімі Доскенова Э.Ж. «Қош келдің – Наурыз» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. 

 

 

 

16 наурыз күні «Наурыз - шаттық пен қуаныш мерекесі»  атты тақырыпта бөбекжай тәрбиеленушілерінің арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Бұл іс-шараға ортаңғы топ тәрбиеленушілері қатысты. I жүлделі орынды ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиеленушісі Шәмшатдін  Қайсар жеңіп алса, ІІ орынға Орынбек Зере ие болды, сондай –ақ, III орынды Тұрсынбек Айзере иеленді. Сайысқа қатысқан қалған бүлдіршіндер түрлі номинацияларға ие болды.

Айтулы мерекеге орай ортаңғы топтар арасында «Ұлттық киімдердің сән үлгісі» өтті. Ата-аналар бұл іс-шараға белсене ат салысты. Балаларға арнап көз тартарлық әдемі киім үлгілерін әзірледі.

 

 

20 наурыз күні апталықтың жабылу күні өтті. Бұл күні балалар мерекелік көтеріңкі көңі-күймен түрлі әндер айтып, би биледі. Оның үстіне 2018 жылдың 10 наурызында Алматы қаласында өткен «Алғашқы қадам» республикалық фестиваль-конкурсынан жүлделі I орынды иеленіп келген  «Кілем тоқу» биін және «Мир который нужен мне» атты әнін барша қауымға тарту етті.