КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес 2018 жылдың 6 сәуір күні ортаңғы «Қызғалдақ» және «Балапан» топтарының тәрбиеленушілері «Мақта қыз бен мысық» ертегісін үш тілде сахналады. Бүлдіршіндер бұл іс-шараға бар қызығушылықтарымен дайындалды. Балалар ертегі желісін көрермендерге жеткізе білді, сахналық мәдениетін сақтауға тырысты. Сахналық қойылымның соңында балалар достық туралы үш тілде ән шырқады.