2018 жылдың 10 наурызында Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында «КҮН ШУАҚ кz» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Алғашқы қадам» республикалық фестиваль-конкурсы өтті.
Бұл ауқымды додаға №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының бүлдіршіндерін қостық. Бұл байқау үш блоктан (жас санаттарынан) тұрды, әр блокта 20 немесе одан да көп музыкалық топ болды. Байқауға қатысушылар республикамыздың қалалары мен өңірлерінен келген ұжымдар болды.
Бүлдіршіндеріміз қазақша үлгідегі әсем көйлектерімен «Айсұлу» вокалдық тобы (10 бала) «Мир который нужен мне» атты әнін тамаша орындап шығып, 1 орынды иеленді. Бүлдіршіндеріміз қазақша үлгідегі әсем көйлектерімен - «Айсұлу» хореографиялық тобы (17 бала) да тамаша өнер көрсетті. Олар «Кілем тоқу» биін орындады және 1 жүлделі орынға ие болды. Балалар ата-аналардың, педагогтардың үмітін ақтап шығып, «Айсұлу» бөбекжайының ұжымын үлкен қуанышқа бөледі.
Ән-күй жетекшісі Бородина Л.В.
Би жетекшісі Пузина О.В.