ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Алғыс айту күні»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  балабақшамызда 1 наурыз «Алғыс айту күні» мерекесіне орай жоспарланған мерекелік іс –шаралар жүргізілді. Мерекелік іс-шараны әдеттегідей №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының  директоры Исина Амангуль Тамабайқызы бүлдіршіндер мен әріптестеріне игі тілегі мен жүрекжарды ризашылығын айтып, мерекенің маңыздылығын баяндап үлкен ауқыммен ашты.

«Қызғалдақ» ортаңғы топ балалары ризашылық білдіру мен әрдайым алғыс айту, бауырмалдылықпен сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында алғыс айту, ризашылық білдіру жайлы ойларын айтып, ұстаздарына деген құрметтерін тақпақтар арқылы жеткізді.

 

Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында қазақ тілі мұғалімі Ахметбекова Самал Калиевна «Балапан» ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Ризашылық».

 

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

 

Міндеттері:

  • Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
  • Үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
  • Әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу.  Балалар  қызығушылықпен әртүрлі тапсырмаларды орындады.

 

Алғысты ең бірінші барша адамзатқа өмір сыйлайтын аналарымызға  айту керектігі түсіндіріліп, балалардан   сұрақ жауаптар алмасып, алғыс айту, аналардың құрметіне арналып  бейнелеу мұғалімі Ж.Ж. Доскенованың ұйымдастыруымен ортаңғы топта   аппликация ұйымдастырылған оқу қызметі  «Аяулы алақан»  тақырыбында  өтті.

 

Мақсаты: ананы құрметтеу,  ризашылық білдіру.

«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын?!».

КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының ұжымы 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында  Жезқазған қаласындағы Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндіз болатын «Аялы алақан» орталығына барды. Балалардың ұсақ моторикасын және ойлау қабілетін дамытуға арналған  «Бизиборд» жасап, табыстады, бүлдіршіндерге және осы балаларды дамуына өз үлестерін қосып отырған ұжымға тәттілер сыйлады. Бұл  іс - шараның  мақсаты қабағына  кірбің, көңілін  мұң  шалған  балалардың көңілін аулап, қолдау көрсету болатын.   

Табысталған сыйлықтарға балалар мәз-мейрам болды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндіз болатын «Аялы алақан» орталығының ұжымы өз ризашылықтарын білдірді.