Жезқазған қаласындағы жалпы орта білім беретін №21 мектепте «Баланы дамытатын ойын құралдары, бала тілін және майда моторикасын дамытуға арналған жабдықтар көрмесі» өтті.
2018 жылдың 16 ақпан күні Жезқазған қаласындағы жалпы орта білім беретін №21 мектепте «Баланы дамытатын ойын құралдары, бала тілін және майда моторикасын дамытуға арналған жабдықтар көрмесі» өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: жалпы білім беретін ұйымдар арасында инклюзивті білім беруді насихаттау. Бұл көрмеге әрбір ұйымнан зауытта жасалған 5 ойыншық және қолдан жасалған 5 ойыншық ұсынылды. Біздің бөбекжайдың педагогтары мен мамандары бұл көрмеге мынадай дамытушы ойыншықтар ұсынды: «Бизиборд» (дамытушы тақта), «Лепбук» (дамытушы кітап), «Дамытушы – шағын кітапшалар» (жұмсақ дамытушы кітаптар), «Денсаулық төсеніші», «Дамытушы массажер». Сонымен қатар, зауытта жасалған ойыншықтар да ұсынылды: «Тасбақа», «Түйсік тақтасы», «Нумикон», дамытушы кешен «Улитка-Саша», «Магнитті есеп». Конкурс қорытындысы бойынша біздің КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайы бірінші орынды иеленді. Біз балабақшаның барлық педагогтары мен мамандарына осындай іс-шараға тигізген көмектері мен көрсеткен қолдауларына шексіз ризамыз.