ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Үздік отбасы»

КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында

«Үздік отбасы» сайысы өтті.

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет отбасыдан басталады, сол себепті де біздің қоғамдағы жанұялық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор екендігін бірнеше рет айтқан болатын. Елбасымыздың қоғамдағы жанұялық құндылықтарды нығайту жолында 2017 жылдың 17 қазанында Нұр Отан партиясының келісілген жоспарына сәйкес «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында «Үздік отбасы» сайысы өтті.

 

Бұл сайысқа үш отбасы қатысты: 1- Дюсентаевтер отбасы

2- Бейсеналиевтер отбасы

3- Акпаровтар отбасы


«Үздік отбасы» сайысына Нұр Отан партиясы Жезқазған қалалық филиалының консультанты Кыдуакасова Жанар Армияқызы комиссия мүшесі ретінде қатысты. Қатысушыларға сәттілік тілеп, сайыстың шымылдығын ашты.


Үздік отбасын анықтау барысында әділ қазылар алқасы отбасы мүшелерінің жетістіктерінің саны мен маңызына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, отбасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, балалардың жетістіктеріне, түп тамырын білуіне, отбасының дарынына, өмір сүру стиліне назар аударып, өз бағаларын берді. Жанкүйер болып отырған көрермен үшін бар топ үздік сынды, дегенмен де, сайыстың аты сайыс, әділқазылардың шешімі бойынша «Үздік отбасы» бәйгесінің бас жүлдесін Дюсентаевтар отбасы қанжығаларына байласа, екінші орынға Акпаровтар отбасы лайық деп танылды, үшінші орын Бейсеналиевтер отбасына бұйырды. Барлық қатысқан отбасыларына Нұр Отан партиясының және КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайы атынан бүлдіршіндері мен олардың ата-аналарына мақтау қағаздары мен сыйлықтары берілді.