ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
2 шілде күні ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында жазғы ойын сауықтыру жоспары бойынша мерекелік іс-шара өтті. Тақырыбы: «Туған күніңмен, Астана!»

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.

- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шара Астана күніне арналды. 3 топтың балалары тақпақ,өлен айтты, би биледі және «Астана» туралы видеролик көрсетілді. Балалар мынадай ойындарға қатысты: «Құлақ-мұрын» және «Мен жеңімпазбын». Мерекелік іс-шара «Туған күңінмен Астана!» өте қызықты өтті. Балалар мерекені «Әрқашан күн сөнбесін» 3 тілдегі әнмен аяқтады.