ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
2017 жылдың 12 мамырында Жезқазған қаласындағы КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында «Балабақшада инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты: оңтайлы жағдайлар жасау үшін инклюзивті  білім беретін бөбекжайлардың өзара әрекет ету жолдарын жетілдіру.

Семинар балабақша әнұранымен ашылды.  Бұл шараға Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығынан  бастауыш мектеп әдіскері  Мукашева Гульсым Габбасовна  сонымен қатар  Қарағанды қаласының №53 «Алмагул» бөбекжайынан, Приозориск  қаласынан «Айналайын» бөбекжайынан,  сондай-ақ Жезқазған қаласының  білім бөлімі басшысының м.а. Сейтжанова Гулнар Сейтжановна және әдіскерлер,  мектепке дейінгі  білім беру  мекемелерінен  20 педагогтер қатысты. Семинардың ашылуын білім бөлімі басшысының м.а. Сейтжанова Гулнар Сейтжановна ашып қонақтар мен әріптестерді құттықтап, семинардың жоғарғы дәрежеде өтуіне сәттілік тіледі. Семинар барысында педагогтер  түзете –дамыту  ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті.

 

«Күнделікті өмір жаттығулары» М.Монтессори технологиясы  бойынша, «Логритмика», «Эбру» әдістемесі», «Жалпы моторикаға арналған жаттығулар», «Логопедиялық  артикуляциялық  жаттығулар».

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Баланың жан-жақты ашылуы және оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан болашаққа баулу, баланы дұрыс тәрбиелеу және дамыту болып саналады. Мектепке дейінгі баланың ой қабілеттері, қиял ойы, қозғалу және көру есі, тілдік қоры ұсақ маторикасы арқылы дамиды. Ұсақ моторика баланың жалпы интеллектуалдық  деңгейімен тығыз байланысты. Сондықтанда педагогтер  ұйымдастырылған оқу қызметіне  ерекше білім алуды қажет ететін балалармен   ұйымдастырды.      Семинар қонақтары 

 

«Алмагул» бөбекжайының директоры  Омар Б. С. және« Айналайын» бөбекжайының Монтессори педагогі  Искакова Х.К.  кәсіби қауымдастық бойынша осы бағыттағы тәжірибелік жұмыстарын ұсынды. 

 

Бүлдіршіндеріміз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналап, қонақтарға ән мен шашуларын   тарту  етті. Семинар  соңында «Табыс  ағашы» рефлекциясы жүргізілді, семинарға қатысушылар өткен семинардың мазмұндылығына  өз ризашылықтарын білдіріп, семинардың жоғарғы дәрежеде өткенін айтты. Барлық семинар қатысушыларға Жезқазған білім бөлімінің атынан сертификаттар таратылды. Семинардың соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.