«Баламен бірге жазғы демалыста»
Жаз мезгілінде баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ең алдымен, – ата-ананың міндеті. Алдын-ала балаңызбен суда, күн көзінде, жолда, орманда, тауда жүрудің ережелері туралы әңгімелескеніңіз жөн.
ЖОЛДА АБАЙ БОЛ!
Балаңыздың бойында жолда, көшеде тәртіпті, ұқыпты, сақ және байқампаз болуға деген қажеттілікті тәрбиелеуге тырысыңыз.
Балаға жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілері үшін ортақ ережелердің бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз.
Балаға жолдан өтер кезде жан-жағына мұқият қарауды үйретіңіз. Бұл автоматизмге дейін шыңдалған дағдыға айналуы тиіс.
Кез келген көлік түріне мініп/шыққан кезде оның толық тоқтағанын күтіңіз. Жүріп келе жатқан көліктен неліктен секіріп түсуге болмайтынын түсіндіріңіз.
Жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды!
Жаяу жүргіншілердің жол қиылыстарында, жолды жаяу кесіп өтерде немесе жолдардың түйіскен жерлерінде құлаққапты шешу керек.
Егер сіздің балаңыз жол көлік оқиғасының қатысушысы, куәгері болған жағдайда психолог көмегіне жүгініңіз.
СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАНЫНДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Су қоймаларының маңайында жалғыз серуендеуге рұқсат бермеңіздер. Суда балалармен бірге серуендеу кезінде оларды қарап отырыңыз, әсіресе, суға шомылу кезінде жалғыз қалдырмаңыздар. Тіпті суы таяз жерде де олармен бірге болыңыздар. Сырғанауға арналмаған заттармен сырғанақ тебуге жол бермеңіз. Сақ болыңыздар, балаларға көмек керек болып жатса, оған немқұрайлы қарамаңыздар.
Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн:
- Демалыс орындарын, судың тереңдігін, су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін.
- Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс.
Егер ересек балалар өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әртүрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз.
СУДА ДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ – СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!
Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар. Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз:
- Өз үйінен, ауласынан алыстап кетпесін.
- Көшедегі бейтаныс адамдардың қолынан ештеңе алмасын. Бірден бөлектеу кетіп қалсын.
3. Танымайтын адамдарға есік ашпасын