Соңғы жылдары білім беру жүйесінде жаңа бағыт пайда болды – ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жан-жақты психологиялық, педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсету.
Осыған байланысты дамуында ауытқулары бар ерекше балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа үлгідегі білім беру бағдарламаларын жасау қажет болды.
Осы орайда «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайы да қалыс қалған жоқ. 2018-2019 оқу жылында балабақша «Инклюзивті білім беруді мектепке дейінгі ұйымда енгізу» бағдарламасы бойынша қорытынды есепті сәтті қорғап, бағдарламаны аяқтады.
2019-2020 оқу жылының соңында бөбекжайда құрылымдық бөлім болып табылатын «Лекотека» жобасы жұмыс істей бастады.
"Лекотека" (швед тілінен "leko"–"ойыншық" және грек тілінен "tek" –"жинау", "коллекция»)
Лекотеканың негізгі міндеті - даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларына балаларды жанұялық және әлеуметтік өмірдің толық спектріне қосылуын жеңілдету үшін қолдау көрсету. Лекотекадағы негізгі әдіс ретінде ойын қолданылады.
https://inkluziv-detsad8.kz/novosti-kz/327-lekoteka-zhobasy.html#sigFreeId05465b4b83