Тұңғыш президенті күні мерекесі атап өтілді
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ағымды жылдың 28 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мерекесі атап өтілді. Ортаңғы «Қызғалдақ» тобы «Тұғырлы елім – еңселі Елім!» атты ертеңгілікті бүлдіршіндер мен тәрбиешілері жоғары дәрежеде өткізді.
«Инклюзивті білім берудегі ойлау векторы»
2019 жылдың 27 қараша күні КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша «Инклюзивті білім берудегі ойлау векторы» тақырыбында семинар өтті.
«Күз» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді.
ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында жылдық жоспарға сәйкес 2019 жылдың 22 қараша айында 4-5 жас «Қызғалдақ» тобында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Күз» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді.
«Баламен үйде жеке жұмысты жүргізудің маңызы»
08.11.2019 жылы №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ата –аналарға арналған логопедтік кеңес өтті. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған халқымыз. Балалардың дұрыс сөйлеуін қадағалап, тәрбиелеуде ата- аналардың ролі өте үлкен. Логопед ата - аналарға отбасындағы үй жұмысын орындауда бағыт бағдар, көмек береді. Ата - ана логопед берген тапсырмаларды күнделікті қайталап отыру қажет.
«Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі»
Бүгін елімізде айтулы күн, яғни «Рухани келісім күні». Бұл айтулы мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші «Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі» өткен күннен бастау алған.
«Әсемпаз болма әрнеге ...»
Үстіміздегі жылдың 17 қазан күні Жезқазған қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес қаламыздағы мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Әсемпаз болма әрнеге ...» атты қалалық Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу байқауы өтті.