ІІ Аймақтық таланттар конкурсы
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының бүлдіршіндері үстіміздегі жылдың 07 наурызда «BiG StArS KZ» ЖК ұйымдастырған ІІ Аймақтық таланттар конкурсына қатысты. Бүлдіршіндеріміз «Қазақтың батыры» атты биімен жиналған көрермен қауымды өз өнерлерімен тамсандандырып, қанжығаларына 1 орынды иеленді.
«Ана-қымбат жан»
2020 жылдың 05 наурыз күні «Балдырған» ІІ кіші тобында «Ана-қымбат жан» атты ертеңгілік өтті. Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік балалардың музыка әуенімен шамшырақтармен кірумен басталды.
«Жершарына саяхат» атты ертеңгілік өтті.
06 наурыз күні «Айналайын» ересектер тобында 8-наурыз мерекесіне орай «Жершарына саяхат» атты ертеңгілік өтті.
Айналайын» тобында пияз отырғызу
Балалардың пияз, олардың қасиеттері, пайдалы қасиеттері, оларды ересек тобында өсіру технологиясы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында тәрбиеші Утебаева А.Б. топтың табиғи бұрышына пияз отырғызу бойынша балалармен бірлескен еңбек әрекеті өткізілді.
«Балабақшаның бір күндік өмірі»
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында үстіміздегі жылдың 19 ақпан күні ата-аналарға арналған «Балабақшаның бір күндік өмірі» атты ашық есік күні ұйымдастырылып, өткізілді.