Жезқазған қаласының білім бөлімінің КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайы»
0
Біз туралы

Ақпараттық анықтама

Коммуналдық мемлекеттік қазыналы кәсіпорын №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайы» Жезқазған қаласының әкімшілігі. 
құрылған жылы1960 ж.
Заңды мекен-жайы100600 Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Қазыбек би ауданы, Пугачев көшесі -16. 
Электрон
дық мекен-жайы: ido_aisulu @mail.ru
Код. телефон 8(7102) 762-734
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі: 01.10.2015 ж. № 231-1930-26-ГП 

Техникалық төлқұжаты: 18.10.2007ж №09-109-004-795

Жобалық күші - 100 бала 
Жалпы аумағы: аумағы -552,3 ш.м,  ғимараты (бөлмелері) - 1178,3 ш.м.
2009 ж. желтоқсан айында КМҚК «№8 Балабақша» атауынан Инклюзивті мектепке дейінгі ұйым мәртебесіне ие болды (18.11.2009ж  №657 Ө бұйрық)
жұмыс уақыты: 7.30 дан бастап 18.00 дейін.
Директоры:  Исина  Амангуль Тамабаевна, туылған жылы: 1973 ж .
Білімі: жоғары, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті – 1996ж, мамандығы: қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті; 
екінші жоғары,  Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті – 2016ж, мамандығы: «Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру». 
Педагогикалық еңбек өтілі:  27 жыл, инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда директор лауазымында – 4 жыл.

Әдіскер : Ахметжанова Лазат Айткуловна 
Педагогикалық еңбек өтілі: 28 жыл, инклюзивті мектепке дейінгі ұйым әдіскері лауазымында – 9 жыл.
Біліміжоғары,  Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті - 2013жыл, мамандығы: «Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру».

Тамақтану тәртібі:                                                                       
3-уақыттық тамақтану: таңғы ас (жемістер), түскі ас және бесін ас. Ас мәзірі Сан Пин бекітілілген және ұсынылған. Тамақ құрамына баланың дамуына септігін тигізетін барлық қажетті құнарлы заттар мен элементтер енгізілген. Тамақ балабақша асханасында әзірленеді, азық-түліктер күнделікті жеткізіліп тұрады. Жеткізілген азық-түліктердің сапасына бақылау жүргізіліп отырады.

 

Банктік деректемелері
«Казкоммерцбанк» АҚ
Ағымдағы шоты - KZ899261201171013000        
БИН 990140003399
БИК KZKOKZKX

Тәрбиелеу тілі: қазақша, орысша.

 

Балалардың контингенті туралы мәліметтер.

Балалар саны: 100, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететіндер (ЕБҚ)-16 бала:
ЖТД  (жалпы тілі дамымаған)-  8 бала;
Психикалық дамуы тежелген ПДТ - 6 бала.

ЦШ  – 2                   

Жалпы топтар саны :  4 топ.
оның ішінде қазақ тілінде оқытылып, тәрбиеленетін 3 топ (75 бала);  орыс тілінде оқытылып, тәрбиеленетін: 1топ  (25 бала).
мектепке дейінгі білім беру ұйымының негізгі құрылымдық бірлігі мектеп жасына дейінгі балалар болып табылады. Қазіргі уақытта 4 топ қызмет етеді, оның ішінде: тіл кемістігі бар және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған инклюзивті 2 топ. 2 топ 3 жастан 6 жасқа дейінгі қалыпты дамыған балаларға арналған.

Топ жас бойынша жинақталған:
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған:
1 топ – ортаңғы – «Қызғалдақ» 4-5 жас аралығы:
Тіл кемістігі бар балалар:
1 топ - ортаңғы  – «Балапан» 4-5 жас аралығы.

Қалыпты дамыған балаларға арналған топ:
1 топ – екінші кіші топ – «Айналайын» 3-4 жас аралығы.
1 топ –  бірінші кіші топ – «Балдырған» 2-3 жас аралығы.

 

2017-2018 оқу жылындағы кадрлық қамтамасыз етілуі.

Кадрлық қамтамасыз етілуі: педагогикалық кадрларды жинақтау Қалалық білім беру бөлімінің кезектілігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі негізінде жүзеге асырылады.  
Мектепке дейінгі ұйымда 41 адам қызмет етеді, оның 19 педагогтар, сонымен қатар, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, қазақ және орыс тілі мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, педагог-психолог, логопедтер, дефектолог, хореограф, бейнелеу өнері мұғалімі.
12 педагогта  жоғары білімі бар, орта арнайы білімі  - 7.
1-  педагог – жоғары санатты, 3- педагог - бірінші, 5 педагог – екініші санатты. Кадрлық құрам кестесі:


Пед.
қызметкерлер

директор

әдіскер

тәрбие-шілер

маман-дар

білімі

Біліктілік санаты

 

 

 

 

 

жоғары

%

Орта арнайы

%

Жоға-ры

%

бірінші

%

екінші

%

Санаты жоқ

%

20

1

1

8

10

12

60%

8

40%

1

5%

2

10%

10

50%

7

35%

 

Кадрлық – педагогикалық құрам  19 педагог, оның ішінде 7 тәрбиеші, мамандар 10 педагог - психолог-1, логопед-2, дефектолог-1, музыка жетекшісі -1, дене шынықтыру нұсқаушысы -1, қазақ тілі мұғалімі -1, ағылшын тілі мұғалімі -1, бейнелеу өнері мұғалімі -1, хореограф -1. 

Білімі:
Жоғары білімі бар – 12 (63,2 %); 
Оның ішінде мектепке дейінгі білімі бар – 4 (21%);
Орта арнайы педагогикалық білімі бар -7 (36,8%), оның ішінде орта арнайы мектепке дейінгі білімі бар  - арнайы – 5 (26,3%).
    
Санаттар:
Жоғары санатты - 1 (5%);
Бірінші санатты  – 3 (15 %);
Екінші санатты - 5 (26,3 %);
Санаты жоқ - 10 (52,7%).

Сапалық көрсеткіш: (жоғары және бірінші санаты бар педагогтар): 
4 педагог - 21%. (Директор Исина А.Т., әдіскер   Ахметжанова Л.А., Утебаева А.Б.- тәрбиеші,  Бекпаева Ж.Б.-логопед),

Жұмысқа қабылданатын барлық педагогтар мен мамандар лауазымдық нұсқаулықтармен танысып, еңбек келісім-шарттары жасалады.
Директор қызметтің негізгі түрі бойынша, білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша және балабақша жұмысын регламенттейтін бұйрықтар шығарады.

Білім беру үдерісі Мемлекетті жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім және тәрбие беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады (2012 жылғы 23 тамыз  №1080 «Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Қазақстан Республикасының 2016ж 13 мамырдағы №292 Қаулы негізіндегі толықтырулар мен өзгерістер енгізілген).
Балабақша «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру» тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Балабақшаның мақсаты ерекше білімді қажет ететін балаларға білім және тәрбие беру, әлеуметтік бейімдеу,  қалыпты дамыған құрдастар арасында араласу.  
Оқу жылдың басында ЕБҚ 16 бала, оның ішінде ЖТД – 8 бала, ПДТ – 6 бала,  ДЦП-2.
Бүгінгі күнде балабақша бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде. Нормативті-құқықтық база, ерекше білімді қажет ететін балалар мәліметінің базасы  құрылған. Балабақшада психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі жұмыс істейді. Жоспар бойынша әрбір маман түзетушілік-дамытушылық және кеңес беру жұмысын жүргізеді. Әрбір балаға түзетуші-дамытушы жұмысының жеке жоспары құрылады. Түзету бағдарламалары жасалған.  
Бағдарлама бойынша шеберханалар жұмыс істейді: «Арт - үйлесім», «Барлық отбасымен мәреге!», «Ағашты сындыру – лезде, өсіру  - жылдар» (мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек және экологиялық тәрбие беру), «Біз сенің балаң, Қазақстаным» (адамгершілік – патриоттық тәрбие беру), «Заманауи ата-аналардың арманы» (М.Монтессори педагогикалық теориясы мен тәжірибесі). Педагогтарға арналған түзету-дамыту сабақтары және семинарлар өткізіледі.  
Психикалық дамуы тежелген және тіл кемістігі бар балаларды оқытуда қиындықтарды алдын –алу мақсатында сюжетті-рөлді ойындар арқылы «Игрогород» жобасы құрылды. Логопед, дефектолог және психолог мамандарымен сюжетті-рөлді ойындар бойынша түзету жоспарлы сабақтары өңделді.
Сюжетті-рөлді ойындар аптасына 2 рет тәрбиешілер, логопед, дефектолог жоспар бойынша балалармен «Игрогород» өткізіледі.  
Аптасына бір рет «Игрогородта» педагог-психолог психологиялық тренингтер жүргізеді. Оның мақсаты: ұжымда баланың дұрыс жүріп-тұруы және қатынас дағдыларын дамыту (қатынасу, достық байланыс); түрлі қатынас ойындарын қолдану, «Ойын аурухана» «Ойын дүкені», «Автобус» Ойын зонасы, және т.б. ойын құралдарын қолдана отырып, сюжетте жағдаяттарды ойнау.  

 

Бөбекжайда көрсетілетін қызметтер: 
Медициналық

  • Бөбекжайда медбике бар, оның міндеттеріне жатады: алдын-алу жұмыстары, тереңдетілген медициналық тексеріс; антропометриялық өлшеулер жүргізу, балалардың физикалық дамуы, эпидемияға қарсы жұмыстар; МДҰ инфекцияның енуіне жол бермеу, суық тию және тұмау кезінде алдын-алу шараларын жүргізу.
  • санитарлық-гигиеналық жұмыс; санитарлық жағдайды бақылау, МДҰ ғимаратының санитарлық жағдайын қадағалау; топтарды, ас әзірлеу блогын, кір жуу бөлмесін таңу материалдарымен, дәрі-дәрмектермен  толықтырып отыру; қызметкерлердің санитарлық талаптарды және жеке гигиенаның сақтауын қадағалау; ас әзірлеу блогында тамақ әзірлеу нормаларының және технологиясының сақталуы, әзірленген астың сапасын бақылау; қызметкерлердің уақытылы медициналық тексерістен өтуін қадағалау.
  • Сауықтыру жұмыстары. МДҰ дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүзеге асырылуын қадағалау; балалардың тамақтануын ұйымдастыру, су ішу режимін ұйымдастыру, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқаулығын сақтау, сауықтыру шараларын жүргізу.

Психологиялық қызмет

Педагог-психолог келесі бағыттар бойынша қызмет атқарады:
Жеке және топтық психологиялық диагностика. Мектепке психологиялық дайындық деңгейін анықтау, бұзушылықтардың себептерін зерттеу; педагогтар мен ата-аалардың сұраныстары бойынша баланың зияткерлік дамуын анықтау, балалардың топтарда қатынас мінезін бақылау.
Психологиялық алдын-алу шаралары. Тәрбиеленушілердің бейімделмеу жағдайлардың алдын-алу. Педагогикалық қызметкерлерге және ата-аналарға тәрбиелеу, білім беру және дамыту бойынша  ұсыныстарды өңдеу.
Психологиялық түзету. Арнайы дамытушы түзету шаралары; түрлі терапия әдістерін қолданумен ҰОҚ және ойындарды ұйымдастыру (арттерапия, ойынтерапия , психодрама, ертегітерапия, психогимнастика).
Психологиялық шаралар. Педагогтар мен ата-аналарға арналған тренингтер («Өз балаңды қалай сүю керек!», «Мектепке психологиялық дайындықты қалыптастырамыз» және т.б.), тәрбиеленушілердің психологиялық даму мәселелері және педагогикалық қатынасты оңтайландыру сұрақтары бойынша педагогикалық қызметкерлерге арналған семинар-практикумдар («Балалардың психологиялық ерекшеліктері», «Танымдық белсенділігін дамыту»); тәрбиеленушілердің психологиялық даму сұрақтары бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған топтық және стендтік кеңес беру («Мектепке дайындығы», «Балалар неге қара түсті қарындашпен сурет салады» және т.б.).
Кеңес беру қызметі. Педагогтардың кәсіби қызметі мәселелері, бала мен ата-ана қатынас мәселелері бойынша, білім үдерісіне қатысы бар барлық адамға балалардың жеке даму мәселесі бойынша көмек көрсету.

Музыкалық дамуы
Балалардың музыкалық дамуы үшін құралдар бар: ойын және оқу материалдары: пианино, музыкалық орталық, балаларға арналған дыбыстық музыкалық аспаптар (сылдырмақ, даңғыра, барабан, металлофон, қоңырау), ойын және би жаттығуларына арналған атрибуттар (аудиокассета жиынтығы, дисктер); дидактикалық ойындар картотекасы:

Балабақша ғимаратында пәндік-дамытушылық орта мыналарды есепке ала отырып ұйымдастырылған:  
•   жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламасын;
•   нормативті құжаттардың талаптарын;
•   қызметтің басым бағыттарын;
•   балалардың даму деңгейі, олардың қызығушылығын;
•  жалпы құрылу принципін.
Дамытушы ортаны құру моделі өзіне 3 компонентті енгізеді: 
•   пәндік мазмұн (ойындар, ойын материалдары, оқу-ойын құралдары)
•   кеңстікті ұйымдастыру (бұрыштар, орталықтар)
•   уақыттағы өзгерістер (оқу құралын жаңарту, жаңа материалдарды алу, кеңістікті ұйымдастырудағы өзгерістер)

 

Физикалық дамуы.

Балаларды физикалық дамытуға арналған құрал-жабдықтар бар: құрсау, резиналы доптар, футболға арналған доптар, сипап-сылау доптары, эспандерлер, түрлі –түсті шеңберлер, денсаулық төсеніштері; гимнастикалық орындықтар, арқан, өрмелеуге арналған туннель, шеңбердегі ленталар, жіптер, баулар, секіргіштер, конус-бағдарлар, гимнастикаға арналған таяқшалар; қысқа баулар, ойлы-қырлы төсеніштер, өрмелеуге арналған доғалар, лақтыруға арналған нысана, текшелер, кегли, ағаштан жасалған аттар, резеңкелі төсеніштер, толтырылған доптар, үрмелі доптар, құм салынған қаптар, жиналмалы үйшіктер, доптарға арналған манеж.


Әдістемелік
Балабақшаның әдіскері жүзеге асырады:

  • Тәрбиешілер мен педагог-мамандардың тәрбие-білім беру қызметін әдістемелік басқару, «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • ұйымның білім беру ортасын жобалауда педагогикалық қызметкерлерге, тәрбиешілер қызметін үйлестіру;
  • білім және тәрбие беру жағдайын сараптау және бақылау негізінде жұмыстың сапасын жоғарылату бойынша шаралар қабылдау;
  • білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына әдеби-әдістемелік және ғылыми көмек көрсету;
  • Балабақша, отбасы және әлеумет жұмысындағы байланыс және серіктестік;
  • әдістемелік кабинетті жабдықтау (кітапхананы жаңа әдістемелік әдебиеттермен, ғылыми – әдістемелік басылымдармен, дамыту материалдарымен  толықтыру);
  • білім үдерісіне барлық қатысушылармен көме-конкурсын, көрме ұйымдастыру;
    проведение педсоветов, семинаров, практикумов, методических часов, консультации,организацию открытых коллективных просмотров образовательной деятельности с детьми;
  • топтарда жоспарлау қызметін, педагогтардың өз білімін жетілдіру бойынша және ата-аналармен серіктестік қызметін сараптау және түзету;
  • балабақшаның педагогикалық қызметін насихаттау.

Жұмыс бағыттары

«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын меңгеру бойынша психологиялық-педагогикалық жұмысының мазмұны мектеп жасына дейінгі баланың жеке және жастық ерекшеліктерін есепке ала отырып жан-жақты дамуына негізделген:

  • Физикалық;
  • Әлеуметтік - жеке;
  • Танымдық - тілдік;
  • Көрнекі-эстетикалық. 
    Тәрбиеленушілерді қабылдауға талаптар:

Балаларды түзету мекемесіне қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және медициналық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.

Біліктілігін жоғарылату курстан өткен:                  
5 педагог: Исина А.Т. – директор,  Белова В.В.-тәрбиеші, Утебаева А.Б.- тәрбиеші, Чемыхин А.С.- дене шынықтыру нұсқаушысы,

Доскенова Э.Ж.- бейнелеу өнері мұғалімі.

Балабақшаның әрбір педагогының портфолиосы бар, онда өз білімін жетілдіру және жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша барлық материалдар жинақталады.  
№13 орта мектебімен серіктестік бойынша жоспар жасалған. Серіктестік формалары әртүрлі: бірлескен педкеңестер, мерекелер, сенбіліктер, экскурсия.  
Балабақша педагогтары Жезқазған қаласының «Білім бөлімі» ММ жоспары бойынша қалалық және облыстық семинарларға қатысты.  

Балабақшада 3 жас маман бар. Оларға тәлімгерлер бекітіліп, бірлескен жұмыс жоспары жасалған.
Балабақшада балалар үш тілде оқытылады  (қазақша, орысша, ағылшынша). Берілген пәндер бойынша өтпелі тақырыптық жоспар жасалған, дидактикалық ойындар мен көрнекі материалдар әзірленген.

 

Инновациялық оқу бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілер

Авторлық

Оқыту пәні

Бағдарлама атауы

Мұғалімнің аты-жөні, біліктілігі, санаты

Бағдарламалар

 -

Тәжірибелі-эксперименттік бағдарлама

Исина Амангуль Тамабаевна-директор, жоғары дәрежелі, жоғары санатты.
Ахметжанова Лазат Айткуловна-әдіскер, жоғары дәрежелі, бірінші санатты.
Бекпаева Жансая Бакитжановна – жоғары деңгей, екінші санат.

 

Ағылшын тілі

«Көңілді ағылшын тілі» бағдарлама

 Айтбекова М.Ш. – ағылшын тілі мұғалімі, орта деңгейлі, санаты жоқ.

 

хореография

«Шалкыма» бағдарламасы

 Пузина О.В.. хореограф санаты жоқ, орта деңгей.


Ата-аналармен жұмыс
 
Педагогтар ата-аналармен жұмыс атқару барысында қолданатын жұмыс түрлері:

  • Ата-аналар жиналысы
  • Ашық есік күндері
  • Тренинг
  • Дөңгелек үстел
  • Экскурсия, көрмені бірге өткізу.
  • Мерекелерді бірлесе өткізу (денсаулық күні, дене шынықтыру мерекелері)
  • Кеңес берулер, әңгіме жүргізу, ұсыныстар
  • Көрнекі насихат
  • «Шаңырақ» отбасы клубы
  • Анықтау мақсатында ата-аналар арасында сауалнама алу