Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Айсұлу» бөбекжайы» КМҚК
0
Іс-шаралар

"Атамекен" әнін бірге шырқаймыз атты патриоттық онлайн акциясы

#АтамекенЖүрегімізде# #ОтанымызҚазақстан# #Ескендірағаәндері#



Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК «Айсұлу» бөбекжайында 5 мамыр күні ересек «Қызғалдақ» тобында Ұлы Жеңіске 76 жыл толуына орай «Желбіре, жеңіс жалауы» тақырыбында ертеңгілік өтті. Мерекелік ертеңгілік жоғарғы деңгейде өтті. Балалар көрініс қойып, ән айтты, би биледі. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін.


View the embedded image gallery online at:
http://inkluziv-detsad8.kz/is-sharalar.html#sigFreeIddf3381306b

2021 жылдың 30 сәуір күні  ”Айналайын” ересек тобында 1 -Мамыр Қазақстан Халықаралық бірлігі күніне арналған “Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақ” атты тақырыбында ертеңгілік өткізілді.

Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа,елін,жерін суйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.


View the embedded image gallery online at:
http://inkluziv-detsad8.kz/is-sharalar.html#sigFreeId8722cfa725

"Табиғатты жүрегіңмен түрт" экологиялық сауаттылық апталығының ашылуы. Экоапта ашылу әзірлемесі.


18 наурыз күні І кіші «Балдырған» тобында «Наурыз мейрамы» атты іс-шара өтті. .

Мақсаты:Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру