ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Күз» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді.

ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында  жылдық жоспарға сәйкес  2019  жылдың  22 қараша  айында 4-5 жас «Қызғалдақ» тобында  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Күз» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді.

Оқу қызметі барысында балалар әуенмен кірді. Балалар Абай Құнанбайұлымен танысып, оқу қызметін одан әрі шыңдай түсті. Ғажайып сәтке ересек тобының тәрбиеленушісі Култасов Саит  Абай рөлін сомдады. Рөл барысында  бала Абай «Күз» тақырыбында өлең жазып, оқып  берді . Балалар сергіту сәтін орындады.

« Күз» өлеңінің  мазмұны бойынша балалар дәстүрден тыс әдіспен (трафарет, поролон пайдаланып) сурет салды. Оқу қызметі соңында балаларға сұрақтар қойылып, мадақтау арқылы  қорытындылады. Балалар шеңберге тұрып қоштасу сәтін орындады.

                                                   

Өткізген:  Бейнелеу мұғалімі - Доскенова Э.Ж.