«Жел»
21.07.2017 жылы №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында «Жел» тақырыбына байланысты жазғы сауықтыру іс – шарасы ойын түрінде өтті. Іс – шара мақсаты балаларды табиғат құбылысы желмен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу, баулу. Бұл сауықтыру іс – шарасы табиғат аясында үш топтың қатысуымен өткізілді.
2017 жылдың 12 мамырында Жезқазған қаласындағы КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында «Балабақшада инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты: оңтайлы жағдайлар жасау үшін инклюзивті білім беретін бөбекжайлардың өзара әрекет ету жолдарын жетілдіру.
«Жеңісім жетістігім» «Ардагерлерді ардақтайық»
9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұлмерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты.
«Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында «Жастар Елбасы саясатын қолдайды»-атты семинары
11.04.2017 жылы КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайы балабақшасында Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша жастар арасында талқылау өтті.
«Отбасы қолдау апталығы» «Отбаса ар- намыс, қуаныш пен бақыт, тілек пен үміт ұясы»
08.05.2017 күні КМҚК № 8«Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында» «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Отбасы қолдау күні» атты іс-шара өткізілді. Бұл күні балабақшамыздың ауласын тазартып, безендіруге, сыртын тазалауға ата-аналар мен тәрбиешілер бір отбасы болып ат салысты.
«Кітап –білім бұлағы»
Бүгін 04.04.2017 жылы КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының «Қызғалдақ» ересек тобында «Кітап –білім бұлағы» атты іс-шара өткізілді. «Қызғалдақ» тобының тәрбиешілері сюжетті-ролді «Кітапхана» ойының жиі өткізеді. Болашақ оқушыларға кітапты оқуды, құрметтеуді, күтіп пайдалануды сюжетті-ролдер арқылы, білімге деген құштарлығын арттырып тәрбие береді.