2018 жылдың 23 сәуірден 28 сәуірге дейін балабақшада қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметі жарияланды
Оқу жылының соңында әдеттегідей балабақшаның барлық жас топтарының тәрбиешілері мен мамандары қорытынды диагностика (мониторинг) жасап, қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетіледі.
«Күміс қоңырау»
Жезқазған қаласының «Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі» және Жезқазған қаласының «Халықтар достығы және мәдениет үйі» ММ ұйымдасытруымен 2018 жылдың 20 сәуір күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Күміс қоңырау» балалар шығармашылығының аймақтық конкурсы өтті.
12 сәуірде біздің ел Ғарышкерлер күнін атап өтеді
№8 «Айсұлу» бөбекжайында мектепке дейінгі жастағы балаларды космонавт мамандығы мен ғарыштық кеңістіктерімен таныстыру бойынша танымдық іс - шаралар жүргізілді. Балалар Отанымыздың танымал ғарышкерлерімен, олардың ерлік істерімен, осы саладағы ғылымдағы ғалымдардың жетістіктерімен танысты. «Балапан» және «Қызғалдақ» ортаңғы тобының балалары ғарыш туралы алған білімдерін ермек сазбен салынған суретте білдірді.
Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар апталығы
2018 жылдың 13-20 наурыз аралығында КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар апталығы өтті. Апталықтың мақсаты бүлдіршіндерге мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды.
«Мақта қыз бен мысық ертегісі»
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес 2018 жылдың 6 сәуір күні ортаңғы «Қызғалдақ» және «Балапан» топтарының тәрбиеленушілері «Мақта қыз бен мысық» ертегісін үш тілде сахналады. Бүлдіршіндер бұл іс-шараға бар қызығушылықтарымен дайындалды. Балалар ертегі желісін көрермендерге жеткізе білді, сахналық мәдениетін сақтауға тырысты. Сахналық қойылымның соңында балалар достық туралы үш тілде ән шырқады.
Алғашқы қадам
2018 жылдың 10 наурызында Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында «КҮН ШУАҚ кz» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Алғашқы қадам» республикалық фестиваль-конкурсы өтті.