ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
2018 жылдың 23 сәуірден 28 сәуірге дейін балабақшада қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметі жарияланды

Оқу жылының соңында әдеттегідей балабақшаның барлық жас топтарының  тәрбиешілері  мен мамандары қорытынды диагностика (мониторинг)  жасап, қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметін  көрсетіледі.

Ұйымдастырылған оқу қызметі  білім беру бағдарламалары бойынша ұсынылады: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.

Бұл ұйымдастырылған оқу қызметінің  мақсаты - балаларға жыл бойы үйренгендерін көрсету.

Ағымды жылдың 23 сәуір   күні   дене тәрбиесі нұсқаушысы  Чемыхин Алексей Сергеевич ортаңғы  тобымен  «Сиқырлы орындықтар» тақырыбында  қорытынды ашық ұйымдастырылған оқу  -  қызметін өткізді. Сабақтың мақсаты: балаларды бір-бірінің артынан айналып жүруге,  құрсаулардан, үңгірден еңбектеп кедергілерден  өтуге үйрету. Балалар берілген тапсырмаларды және қимылды ойындарды қызыға, тартыса орындап, ойнап шықты.

Балалар дене шынықтырумен айналысуды жақсы көреді, ал, біздер – балаларымыздың сау және мықты болып өскендерін қалаймыз.

 

 

 

2018 жылдың 23-ші сәуірінде «Балапан» ортаңғы тобында  «Өмір - игі істер үшін беріледі» тақырыбында ашық қорытынды сабақ өтті.  Сабақ 25 минутқа созылды. Сабақта үлестірмелі материалдар таратылды.  Балалардың назарын, ойлау қабілетін, ұжымда жұмыс істей алу дағдысын дамытуға арналған тапсырмалар берілді. Балалар сабақ барысында өз белсенділіктерін көрсете білді. Сабақ соңында қорытындылар жасалды.

 

 

 

ҚМҚК «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында «Балдырған»  ІІ кіші тобында «Коммуникация»  білім  беру саласы бойынша « Сөйлеуді дамыту» және « Таным»  білім беру саласы сенсорика ұйымдастырылған оқу қызметі  кіріктірілген түрде өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметі мақсатқа сай жоспарланған. Онда көктем мезгілдері туралы айтылды. Балаларға тосын сый қуыршақ Айсұлу  келді. Ол балаларға өзінің досы Арманды жоғалтып алғанын және   көңілсіз екенін жеткізді. Оны тауып беруге көмек сұрады. Балалар оның  көңілін көтеріп, онымен ойын ойнап досын табуға көмектесті.

Жас маман өзінің алға қойған мақсатына жетті.

 

 

 

Ағымды жылдың 23-ші сәуір күні  №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының  ІІ кіші «Балдырған» тобында  «Коммуникация», «Таным» «Шығармашылық»  білім беру  салалары  бойынша       «Біздің кішкентай қолдар»  тақырыбында қорытынды ұйымдастырылған  оқу қызметі өтті.

Бұл ұйымдастырылған оқу қызметі балаларды  түр –түстерін ажырату  мақсатында өткізілді.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балаларға  жыл мезгілдері жайлы  мағлұматтар берілді, сондай-ақ, саусақ жаттығулары, сергіту сәті орындалып және дидактикалық ойын ойнатылды. Балалар қонаққа келген Күнге оның шуақтарын салып қуантты.

 

 

 

Қорытынды сабақтар апталығының өтуіне байланысты 2018 жылдың 24 сәуір күні логопед  Бекпаева Ж.Б. ABBA-терапиясының элементтерін пайдалана отырып, түзету-дамыту сабағын өткізді. Жеке сабақта ерекше  білім қажеттілігі бар балаға тақырып бойынша материалдарды меңгеруге бағытталған  әдістер мен элементтер қолданылды. Сабақта әр түрлі дидактикалық материалдар, массаж кілемшесі, музыкалық аспаптар, бақылау парақшасы  пайдаланылды.