ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Жел»

21.07.2017 жылы №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында «Жел» тақырыбына байланысты жазғы сауықтыру іс – шарасы ойын түрінде  өтті. Іс – шара мақсаты балаларды табиғат құбылысы желмен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу, баулу.  Бұл сауықтыру іс – шарасы табиғат аясында үш топтың қатысуымен өткізілді.

 

Өткізілген ойын түрлері:

 

Түтікшелерді үрлеп жел шығару, түрлі түсті қағаздардан желдеткіш жасау, сусабынды бояп  А – 3 форматқа жаз пейзажын үрлеу арқылы салу, желді әртүрлі дыбыстармен шығару, түтікшемен ыдысқа құйылған суды үрлеп көпіршіктер шығару. Балалар берілген тапсырмаларды мұқият орындап, қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Балалардың көңіл – күйі көтеріліп, жоғары дәрежеде болды.