ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
22 Наурыз мерекесіне арналған

22 наурыз мерекесіне арналған балабақшаның іс-шара жоспарына сәйкес «Қызғалдақ» ерсектер тобында «Әже мен немере» сайысы өтті.Сайыстың мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап тәлім-тәрбие алу.

Сайысты ұйымдастырушы топ тәрбиешісі Жаинбаева Насип Ахметқызы құттықтап, әжелерге ақ жол тіледі! Әжелер немерелерімен бірге ережеге сай бес кезеңнен өз өнерлерін ортаға салып келген қонақтарды таң қалдырды. Сайысқа қатысқан әжелер барлық сайыс шарттарын дер кезінде және жылдам орындап отырды. Үй тапсырмасы бойынша айта кетсек сайыскер әжелер ою-өрнекетеп жасалынған заттарымен таныстырып, өздері үйлерінен дайындап әкелген тәтті тағамдарын әділқазылар алқасына ұсынды. Сайыскер әжелер бәрі де өнерлі екендерін дәлелдеді. Әр әжелер мен немерелердің өнерлерімен, шеберліктерін, тапқырлықтарын бағалай келе: «Сабырлы әже» «Шебер әже» «Өнерлі әже» «Тапқыр әже» «Парасатты әже» номинациясы бойынша барлық әжелер мен немерелер марапатталды. Байқауға қатысушылардың барлығына ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар берілді.