ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Ерекше тәсіл» атты қалалық сайысы

Үстіміздегі жылдың  наурыз айының 31 жұлдызында ерекше білім қажет ететін балаларды түзетуде оңтайлы шарттарын қалыптастыру мақсатында Жезқазған қаласының білім бөлімі «Ерекше тәсіл» атты қалалық сайысын өткізді. Бұл сайысқа  қаланың балабақшалар мен мектептердің логопед, дефектологтары қатысты. Осы сайысқа «Айсұлу» бөбекжайынан логопед маман – Бекпаева Жансая Бакитжановна және дефектолог маманы – Жакупова Айгерим Серикбаевна қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бекпаева Жансая Бакитжановна – І орынға, Жакупова Айгерим Серикбаевна «Есте сақтау қабілетін дамыту» номинациясына табан тіреді.

       «Айсұлу» бөбекжайының  дарынды педагогтары көптеген сайыстарда  бақ сынап, жүлделі оралуда. Алда алар асулары әлі де көп.

Жеңістеріңіз құтты болсын!