ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
« Поэзияда біздің ақыл-ойымыз туады»

            Оқу сауаттылық апталығының төртінші күні – 21 қаңтар Абай Құнанбаев және А.С.Пушкин « Поэзияда біздің ақыл-ойымыз туады»  атты тақырыбымен өз жалғасын тапты.

           «Айналайын» және «Қызғалдақ» ересектер тобында «Жеті гүл» ертегісі оқылып,  теледидардан көрсетілді. Ертегі желісі бойынша тәрбиешілер балаларға сұрақтар қойып, ертегіні талдады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында бүлдіршіндер желдеткіш – бетбелгі жасады.

Осы күні оқылған ертегілер бойынша суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

      Топтарда «Қой қасқырларды қорқытады», «Алтын балық», «Салтан патшасы туралы»  ертегілері оқылды. Бұл іс-шара шығармашылық жұмыспен өз жалғасын тапты. Балалар ертегі желісі бойынша бетбелгілер жасады.

 Сурет мұғалімі Доскенова Э.Ж. Абай Құнанбаев шығармаларын балаларға тыңдатып, апликация жасады.

Балалармен «Сиқырлы құлып» квест ойыны өткізілді.

        Ерсектер топтарында А.Құнанбаев және А.С.Пушкиннің ертегілері бойынша ең жақсы маска жасау байқауы өтті.

        Осы күні ата-аналармен де жұмыс ұйымдастырылды. Ата-аналарға «Ертегі терапиясы» тақырыбында кеңес берілді.