ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Отан деп соққан жүрегім, тәуелсіздік тірегім!»

2019 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 9:30-да КМҚК №8 « Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне  арналған «Отан деп соққан жүрегім, тәуелсіздік тірегім!» атты  салтанатты  мерекелік іс- шара өткізілді.

  Осы іс-шараны     «Айналайын»   ересек тобының тәрбиешісі Н.А. Жаинбаева ұйымдастырып, өткізді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мерекесі. Бұл күнді еліміз әр жыл сайын 16 желтоқсан күні атап өтеді

Іс- шараның  мақсаты — Отанға деген патриоттық сезімін, азаматтық борышын, болашаққа деген жауапкершілікті жетілдіру. Балаларға Отаны, Рәміздері, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін  молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді  көрсету арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін  арттыру. Отанын , елін сүюге тәрбиелеу.                                   

Бұл іс- шараға  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ –нан   Жанна Серғазықызы   қатысты. Балаларға жүрекжарды ақ тілектерін айтып, бөбекжай ұжымына өскелең ұрпақтың дамуына қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.   

Осы іс-шараға арнайы Лэпбук көрмесін жасап, балабақша педагоготары  үлкен үлес қосты.   Іс-шараны ұйымдастырушылар алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік іс- шараға ұйымдастырған  «Айналайын» тобының тәрбиенушілерінің  шеберліктеріне көрермендер, ата-аналар  жоғары баға  беріп,  ұжымға, педагогтарға, тәрбиешілерге ата-аналар тән риза болып, алғыстарын білдірді.

 

.