ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Ең үздік бөбекжай» атағы мен ауыспалы кубогына ие болды

Тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Өз Отанымыздың патриоты болу дегеніміз – Қазақстанды жан жүрегіңмен сүйе білу» — деген еді. Иә, расымен, Отан атты ұлы ұғымды қастерлеп, егемен елдің ертеңіне ие  болатын бүлдіршіндерге білім және  тәрбие беру – мектепке дейінгі ұйымда қызмет ететін жандарға жүктелген.

 

Осындай міндеттерді бар ықыласымен атқарып отырған ұйымдардың бірі - Жезқазған қаласындағы КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайы. Біздің мектепке дейінгі ұйым «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру» тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Балабақшамыздың  мақсаты ерекше білімді қажет ететін балаларға білім және тәрбие беру, әлеуметтік ортаға бейімдеу,  қалыпты дамыған құрдастар арасында араласу.  Осылайша, «Айсұлу» бөбекжайы ерекше балалардың дамуына өз үлестерін қосып,  балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.  Осы бағытта  балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеп отырмыз.

 

Осындай заман талабына сай  талпыныс жасаудың  нәтижесінде ағымды жылдың 8 қаңтар күні  «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайы – 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша өскелең жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ең жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Ең үздік бөбекжай» атағы мен  ауыспалы кубогына ие болды.  Бұл «Ең үздік бөбекжай» атағы мен ауыспалы кубогы біздің ұйым ұжымына жаңа күшке ие болуға  серпініс беріп отыр. Бұл атақты одан әрі шыңға биіктетуге әзірміз.