ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Жаңа жыл мерекесі ортаңғы «Айналайын» тобында 27.12.2018 жылы өтті.

Міне көптен күткен  бүлдіршіндеріміздің мерекесі  Жаңа жыл да келіп жетті. Бұл жаңа жыл мерекесі ортаңғы «Айналайын» тобында 27.12.2018 жылы өтті.

Тәрбиеші Аманкул Бекетбайқызы  ата-аналар мен балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, кешті бастап кетті.   Жарқын  да ерекше көңілмен келген балалар өздерінің жыл бойы сағынған Аяз атасымен кездесіп,  үш тілде тақпақтарын, өлең жырларын айтып,  билерін билеп, қызықты ойындарын ойнап әндерін шырқады. Қонаққа келген Аққала, Сиқыршы, Гном  балалардың қызығушылығын арттырды.   Ақшақармен әсем де әдемі  қыздар Ақшақарлар биін билеп ата-аналарды қуантты.  Балалар қар жинау ойынын ойнады. Балалар болса Аяз атадан көптен күткен  сыйлықтарын алып қуануда.

.