ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын»

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында тайға таңба басқандай етіп көрсетілген латын әліпбиіне өту туралы міндеті елдің келешегі мен болашағы үшін маңызды екенін айтқан болатын.

 

Осы міндетті орындау аясында ағымды жылдың 14 қараша күні КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында жалпыхалықтық диктант өтті. Бұл шараға педагогтар бар жауапкершілікпен дайындалып өткізді. Өйткені, латын әліпбиі бізге рухани еркіндік пен сандық дамып жатқан жаһан көшіне ілесуге қажет.